Қазақстаннан Өзбекстанға экспортталатын шикі мұнай көлемі артады

Қазақстаннан Өзбекстанға экспортталатын шикі мұнай көлемі артады

Қазақстан энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейте түсуде. Атап айтқанда, еліміз Өзбекстанға шикі мұнай экспортын ұлғайтпақ. Бүгінгі таңда екі ел үкіметтері арасындағы негіздемелік келісім ратификацияланды. Жалпы Өзбекстан жылына 5 миллион тоннаға дейін қара алтын сатып алуға дайын. Оның 2 млн тоннасын Қазақстаннан, ал қалған 3 млн-ды Ресейден тасымалдамақ. Тағы бір айта кетерлігі, аталмыш келісімшартты ратификациялау, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңде республиканың оңтүстігіне табиғи газды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ететін болады.

Сонымен бірге Қазақстаннан Украинаға тасымалданатын сұйытылған газдың көлемі былтыр рекордттық көрсеткішке жетті. Сондай-ақ жанар-жағармай бекеттерінің басқаратын тағы екі украиналық компания қазақстандық өндірушілердің автогаздарын импорттайтын болды. Өткен жылы біздің еліміз ресми Киевке 200 мың тоннадан астам сұйытылған газ экспорттаған. Сарапшылардың пікірінше, егер қазақстандық пропан-бутан жеткізілмесе, отындық дағдарыстан олар шыға алмас еді. Бүгінгі таңда қазақстандық газды 9 украиналық компания импорттайды, сонымен бірге мамандардың айтуынша, жеткізу көлемі алдағы уақытта да арта түспек.

ИВАН КУДИНОВ, УКРАИНА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ НАРЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 - Жалпы алғанда, Украинаға Қазақстан Республикасынан тасымалданған газ сауда айналымының жиынтық есебі 130 млн долларды құрады. Осы жылы да сіздердің елдеріңіз Қазақстаннан келетін сұйытылған газ көлемі арта түспек. Өткен қаңтар айында тағы да екі отандық компания осы елге мотор отынын тасымалдайтын болып келісті. Сонымен қатар біз 2019 жылы Қазақстаннан келетін газдың өсетінін болжап отырмыз және біз бұл жаңа рекорд болатынына да үмітпен қараймыз. Қазақстандық газға сұраныстың артуы заңды, өйткені сапасы еуропалық талаптарға сай. Украинада қазақстандық өнім – автогаз ретінде тұтынылады. Сондықтан трейдерлер мен авто жүргізушілердің қазақстандық отынға сұранысы өте жоғары.

Фото: lada.kz