Тәжікстанның банк пен инвестиция саласындағы реформалары

Тәжікстанның банк пен инвестиция саласындағы реформалары

Жаңа реформалар Тәжікстандағы құқықтық және экономикалық – инвестициялық ортаны жақсартпақ. Сарапшылардың айтуынша, заңнамаға енгізілген толықтырулар шағын және орта бизнесті қаржыландыруды тиімді ете түседі. Бұдан бөлек, жаңа өзгерістер инвестициялық капиталды қорғауға да оң әсерін тигізетін болады, - дейді олар. «Жылжымайтын мүлікті кепілге қою жөніндегі Заңға» енгізілетін толықтырулардың арқасында несие беруші ұйымдар несиелік қамту ретінде тек жылжымайтын мүлікті ғана емес, құрал-жабдықтар, дебиторлық қарыз, тауар-қойма қоры, тіпті зияткерлік жеке-меншікті де қабылдай алады.

НАРГИС ПОЧОЕВА, САРАПШЫ:

 - Үкімет барлық министрліктер мен ведомстволарға келісімдерге қол қоюдың заңнамалық негіздемесін қарастыруды тапсырды. Соның арқасында шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылық қолдау әлдеқайда қолжетімді бола түседі. Осылайша, қазіргі таңда 8 нормативтік-құқықтық құжатқа өзгерту енгізіліп отыр. Олардың арасында кепілдік жөніндегі Заң мен Азаматтық кодекс те бар. Қаңтар айында электронды салық реестрі іске қосылды.

Фото: votpusk.ru