Қазақстандық бизнес Оңтүстік Корея тәжірибесін қабылдайды

Қазақстандық бизнес Оңтүстік Корея тәжірибесін қабылдайды

Қазақстан мен Кореяның іскерлік байланысы артпақ. Еліміздің кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Кореяның шағын және орта бизнес корпорациясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды. Сеулдегі кездесуде айтылғандай, тараптар 4 жыл бойы бірлесіп жұмыс істеп келеді. Атап айтқанда, кореялық корпорация 2017 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау жүйесін жасап шығарған. Осы жоба аясында еліміздегі 15 компанияның сараптамасы жүргізілді. Кәсіпкерлеріміз тренингтерге қатысып, сарапшылардың кеңесін алды. Жаңа келісім алдағы 3 жылда бірқатар бірлескен жобаны жүзеге асыруды қарастырып отыр. Сондай-ақ биыл мамыр айында өтетін «Ұлттық өнім» көрмесіне оңтүстіккореялық компаниялар қатысатын болды. 

ДӘУЛЕТ ӘБІЛҚАЙЫРОВ, КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Оңтүстік Корея Президентінің Қазақстанға сапары аясында осы елдің шағын және орта бизнес корпорациясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға ниеттіміз. Корея елінің мықты технологиялық паркісі бар. Сондай-ақ жас кәсіпкерлерді қолдау бойынша стартап-академиясы жұмыс істейді. Сондықтан әріптестік негізі осы бағытта да дамиды.

Фото: rybak.kam-kray.ru