Жамбыл облысының Шу ауданында жаңа қант зауыты салынады

Жамбыл облысының Шу ауданында жаңа қант зауыты салынады

Жамбыл облысының Шу ауданында жаңа қант зауыты салынады. Бүгінде осы мақсатта тиісті жер бөлініп, жобалық сметалық құжаттары әзірленді. Құны 80 миллиард теңге болатын заманауи зауыт құрылысына жұмсалатын қаржының үштен бір бөлігін инвестордан, 70 пайызын екінші деңгейлі банктерден тарту көзделген. Биыл өңірде 9,5 мың гектар алқапқа балтамыр егу жоспарланған. Қажетті техникаларды алу үшін республикалық қазынадан 25, облыстық бюджеттен 10 пайыз субсидия беріледі. Ал жаңа қант зауыты іске қосылса, тәулігіне 8 мың тонна құмшекер өндірілмек.

ЕРЛАН ҚҰЛКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Егер тамырлы дақылдардың үлесі 18% артық болса, қазір қант зауыттары шамамен 12%-нан өнім өндіреді, ал қазіргі заманғы тың жабдықтармен қамтамасыз етілген зауыттар қант қызылшасынан 15-16% дейін шығара алады, бұл қант өндірудің үлкен мөлшеріне жетуге мүмкіндік береді.

Жалпы биыл Жамбыл облысында құны 115 млрд теңгенің 23 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады. Оның 65 миллиард теңгесі шетелдік инвесторлардың қолдауымен іске асады. Өңірде әсіресе ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, сауда және туризм саласына қомақты қаржы тартылған. Бағдарламалар жүзеге асса, кәсіпорындардың өнімді экспорттау әлеуетін арттыруға оң әсерін тигізбек.

АРНҰР МҰХАМЕТЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИИД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - 10 жоба осы жылы нақты іске қосылатын болады. Саны жағынан ең көбі – ол ауылшаруашылық саласындағы құны 2,5 миллиард теңгелік 5 жоба, сондай-ақ осы жылға жоспарлаған құны 96 млрде теңге болатын 13 жоба бар.

Сурет vedmochka.net сайтынан алынды.