Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 2018 жылы 19 млрд долларға жетті

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 2018 жылы 19 млрд долларға жетті

Қазақстан мен Ресейдің экономикалық әріптестік интеграциясы жаңа деңгейге жетті. Еліміздегі Ресей елшісі Алексей Бородавкиннің айтуынша, мемлекеттер арасындағы екіжақты сауда көлемі 2018 жылы 19 млрд долларға жеткен. Бұған Еуразиялық экономикалық одақты құрудың арқасында қол жеткізіліп отыр, - дейді елші. Ресей Қазақстанның сауда серіктестерінің тізімін бастап тұр. Сыртқы саудада негізінен қосымша құн салығы қосылған тауарлардың үлесі басым. Өткен жылдың тек бірінші жартыжылдығында өңдеу саласына Ресей 821 миллион доллар бағыттады. Қазіргі таңда екі елдің 6 мыңнан астам бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді.

АЛЕКСЕЙ БОРОДАВКИН, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РФ ЕЛШІСІ:

 - Біздің Қазақстанға бағыттаған инвестиция көлеміміз 13,5 млрд долларға жетті. Ал Қазақстан болса, Ресейге 3,5 млрд доллар көлеміндегі қаражат салып отыр. Бұдан бөлек, әрбір үшінші бірлескен қазақстандық кәсіпорын ресейлік капиталдың қатысуымен жұмыс істейді. Бұл  Қазақстан мен Ресейдің экономикасының интеграциялануының дәлелі бола алады.

Екі елдің әріптестігінде мұнай-газ саласы да маңызды орынға ие. Ресейлік тарап Каспий кен орнын игеруге  ниетті. Сондай-ақ газ сапасын арттырып,  қазақстандық мұнайды сыртқы нарыққа тасымалдап, жаңа технологиялық құрал-жабдық жеткізбек.

АЛЕКСЕЙ БОРОДАВКИН, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РФ ЕЛШІСІ:

 - Біз Бәйтерек бағдарламасы аясында ғарышты игеру бойынша әріптестігімізді дамытып отырмыз. Бірлесе бейбіт атом, көлік салалары бойынша жұмыс істейміз. Каспий жөніндегі Ақтау саммитінде энергетика, туризм салаларында да әріптестік жоспарын құра бастадық. Алдағы уақытта бірқатар жобаларды жүзеге асыратын боламыз деп есептеймін. Өзге де бағыттар бойынша әріптестікті кеңейту жолдарын қарастырамыз.

Мұндай салалардың қатарында білім саласы да бар.  Бұл бағыттағы әріптестікті дамытуға ерекше ден қойылып отыр. Ресейлік жоғары оқу орындарында 70 мыңға жуық қазақстандық білім алуда.

Сурет ia-centr.ru​ сайтынан алынды.