Украина-Қазақстан іскерлік ынтымақтастықты арттыруға ниетті

Украина сауда өнеркәсіп палатасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы іскерлік ынтымақтастықты арттыру туралы Меморандумға қол қойды. Киевте тараптар екі елдің қаржы саласындағы қатынасын арттыру жолдарын пысықтады. Алдағы уақытта Қазақстан мен Украина инвестициялық бағыттағы байланысын бекемдемек. Еске салсақ, «Астана» қаржы орталығының ресми түрде іске қосылғанына 1 жыл болды. Өңірлік хаб әлемдегі озық тәжірибені пайдаланып, ағылшын құқығы мен заманауи қаржы технологияларын қолданады.

ЕРНҰР РЫСМАҒАМБЕТОВ, «АСТАНА» ХҚО ӘКІМШІЛІГІ» ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазіргі уақытта «Астана» халықаралық қаржы орталығында 120-ға жуық компаниялар бар. 2020 жылға дейін біз 500 компанияға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда бізде Украина компаниялары жоқ. Украинаның сауда және индустрия палатасымен келісімшартқа қол қойдық. Келісімшарттың ең маңызыдысы – палатада 9 мыңға жуық бизнестер бар. Қаржы технологияны дамыту саласында сол бағыттарда қарым-қатынасты нығайтуға бет бұрып тұрмыз.

Іскерлік ынтымақтастықты арттыру туралы келісім аясында Украинаның бірқатар қаласында «Астана» халықаралық қаржы орталығының «Роуд-шоуы» ұйымдастырылмақ. Мұндай іс-шара екі елдің бизнес байланысын бекемдей түседі, дейді Украина сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті.

ГЕННАДИЙ ЧИЖИКОВ, УКРАИНА САУДА-ӨНЕРКӘСІПТІК ПАЛАТАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Роуд-шоу барысында Украинаның қаржы, банк, сақтандыру және кәсіпорын өкілдері «Астана» ХҚО мүмкіндіктерімен кеңінен таныса алады. Ресми тұсаукесерді Киев қана емес, Украинаның бірқатар ірі қалаларында өткізу  жоспарда бар. Одан бөлек, IT, қаржы технология саласындағы жас мамандар арасында тәжірибе алмасу маңызды.

Қазақстандық тарап Украинаның іскер топ өкілдерін биыл шілдеде ұйымдастырылатын «Astana Finance Days» шарасына қатысуға шақырды.

Сурет kazpravda.kz сайтынан алынды.