Қазақстан өңірлерінің экспорттық мүмкіндіктері еселенді

Қазақстан өңірлерінің экспорттық мүмкіндіктері еселенді. Ақтөбе облысының кәсіпкерлері өнімдерін негізінен Ресейге жеткізеді. Алайда өзге  көрші елдер де ынтымақтастық аясын тереңдетуге мүдделі. Осы ретте Ақтөбедегі ұн және ұн өнімдерін шығарушы кәсіпорын алдағы Өзбекстан, Түрікменстан Республикаларына жеткізеді. Қазір Қытайға экспорт бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл үшін зауыт өндіріс қуатын арттыруға дайын. Мұнда қазір тәулігіне 550 тонна астық өңделіп, ай сайын 1500 тонна ұн экспортқа шығарылады.

БЕКНҰР БЕИСОВ, КӘСІПКЕР:

 - Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тауар жеткізуде ешқандай қиындықтармен кездескеніміз жоқ. Мәселен, Ресей Федерациясына барлық тауарымыз дер кезінде жеткізіліп тұрады.

АНАР ДАРЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бүгінгі күні шикізат қана емес, сонымен қатар дайын материалдар да бар. Олар трубалар мен рельстер, сондай-ақ азық-түлік өнімдері шығарылады. Әсіресе жаз айында біздің жылыжай өнімдеріне сұраныс артылады.

Қостанай облысы болса былтырғы жылдың 11 айында шет елдермен тауар айналымын 2 миллиард 600 миллион доллардан асырды. Өсім 50 пайыз шамасында. Облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік алаңдар жолаушы вагондарын және басқа да көлік құралдарын жеткізуді 9 есе ұлғайтты. Сонымен қатар Тобыл өңірінің сүт өнімдері де шетелде сұранысқа ие. Жалпы, жергілікті компаниялар Еуразиялық экономикалық одақтағы әріптестерімен  экспорт көлемінің 1 млрд доллары млрд долларға сауда жасаған.

МЕЙІРЖАН МЫРЗАЛИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қостанай облысы өнімдерінің 95% Ресей Федерациясына жіберіледі. Біздің географиялық орналасуымыз тиімді. Ресейдің 3 өңірімен шектесеміз. 3,2% Беларуссияға, 0,06% Арменияға, сондай-ақ 2%-ға жуық өнім Қырғызстанға жөнелтіледі.                                                                           

Алматы облысы да экспортқа жіберілетін тауар түрлерін арттырған. Балқаш ауданы Бірлік ауылындағы зауыттың өнімдері жақында сыртқа жеткізіле бастады. Бүгінгі таңда өндіріс ошағы Қырғызстан кәсіпкерлерімен ынтымақтастық орнатқан. Шағын кәсіпорын жылына 1 млн дана қап шығарады. Өндірісте қолданылатын шикізат – жергілікті. Келешекте жеткізу нарығын кеңейту жоспарда бар.

МЭЛС ӨГІЗБАЕВ, КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ:

 - Қазіргі таңда осы зауытта 1 жыл ішінде 1 миллионнан астам қап тігеміз. Ал шикізатты біз Павлодардағы «Нефтехим LTD» зауытынан аламыз.

Биыл Қазақстанның шикізаттық емес экспорты рекордтық көрсеткішке жетеді деп болжанып отыр. Экспорт географиясын кеңейтуге басымдық беріледі. Осы мақсаттарды іске асыру үшін мемлекет басшысының жолдауы аясында алдағы 3 жылға 500 млрд теңге қаржы бөлінді.

Сурет 7kun.kz сайтынан алынды