Қазақстан мен ЕАЭО арасындағы тауар айналымы 17 млрд доллардан асты

Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы тауар айналымы 17 млрд доллардан асты. Бұл – өткен жылдың 10 айындағы көрсеткіш. Ол 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7 пайызға көп. Экспорт 10 пайызға өсіп, 5,3 млрд долларға жетті. Инвестицияның тамырына да қан жүгірген: 1,2 млрд АҚШ долларына жетіпті. Бұдан басқа, бірлескен кәсіпорындар саны 70%-ға ұлғайды. Жалпы, Қазақстанның Еуразиялық одаққа мүше болуы отандық салалардың инвесторлар үшін тартымдылығын арттырады, олар өз кезегінде Қазақстанда өндірістер аша отырып, өз өнімдерін одақ елдерінің нарықтарында сату мүмкіндігіне ие болады. Бұл – 183,4 млн тұтынушысы бар алып нарық. Ал одаққа мүше елдер экономикаларының жиынтық көлемі 1,8 трлн доллар шамасында.

Биылдан ортақ электр-энергетикалық нарық іске қосылады, ал 2025 жылы мұнай мен мұнай өнімдерінің, газ, қаржы және көлік қызметтерінің ортақ нарықтары қалыптастырылады.  

Сурет ia-centr.ru сайтынан алынды.