2018 жылы Қазақстандағы экспорт көлемі 50 млрд доллардан асты

 2018 жылы Қазақстандағы экспорт көлемі 50 млрд доллардан асты

Қазақстан экспорт көлемін ұлғайтты. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінің мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың 11 айында ол 55 миллиард долларға жуықтады. 2017 жылмен салыстырғанда бұл 24%-ға көп. Сонымен қатар қайта өңдеу өнімдерінің экспорты 14 миллиард доллардан асты. Бүгінгі күні мемлекет экспорттаушыларға қаржылық және сервистік қолдау көрсетіп келеді. Өткен жылы шетелде 50-ден астам іс-шаралар өткізілді. Шетелдік көрмелерде және сауда миссияларында қазақстандық экспорттаушылардың қатысуы 100-ден астам келісімшарт жасасуға мүмкіндік берді. Сарапшылардың пікірінше, биылғы жылы бұл оң үрдіс жалғасын табады.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ :

 - 2018 жылы қазақстандық өнім 119 елге экспортталды. Алдағы 3 жылда елбасының тапсырамасымен осы салаға экспорт даму мәселелеріне қосымша 500 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл тек қана шикізаттық емес экспортты дамытуға бағытталған. 2021 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіп өнімдердің экспортын 720 млрд теңгеге дейін, экспорттаушылардың санын 411-ден, бүгінгі күні ондай компания 411, 600 субъектіге дейін арттыруға мүкіндік беріледі деп жоспарланып отыр.

Бүгінде Қазақстан 800-ге жуық тауар түрін экспорттайды. Сонымен бірге шетелге шығарылатын тауарлар да жылына орта есеппен 5-8 түрге көбейіп отырады. Сыртқы нарықта тек мұнай, газ және металл емес, сонымен қатар пластмасса бұйымдары, тоқыма материалдар, көлік құралдары мен жабдықтар, агроөнеркәсіптік кешеннің өнімдері сұранысқа ие. 2018 жылы біздің еліміз Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығына бал жеткізді, сонымен қатар қазақстандық балмұздақ алғаш рет Қытайға жөнелтілді.