3% жылдық үстемақымен баспаналы болу

«Бәйтерек девелопмент» ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлерді 15-ші ақпаннан бастап қайта сатылымға шығарды. Жеке тұлғалар пәтерді 3 пайыз жылдық үстеме ақымен 12 жылға бөліп төлеп, сатып ала алады. Бастапқы жарнасы 20 пайыздан басталады. Өтініш тапсыру үшін жеке төлқұжат жеткілікті.

ДМИТРИЙ КАПРАЛОВ, «БӘЙТЕРЕК ДЕВЕЛОПМЕНТ» АҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ САТУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Барлық нысандар экологиялық таза материалдардан салынған. Үйлер өмір сүруге қолайлы заманауи жүйелермен толықтай қамтылған. Бұл – электронды бақылау, видеобақылау, тұтынуды қадағалап, есептейтін жүйелер.

Digital Baiterek порталы баспана сатып алуға қатысты барлық үрдістердің қолайлығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Жеке кабинет арқылы сатып алушы қалаған пәтері мен тұрақты таңдай алады. Сайтта өтініш берушінің құнын бөліп өтеу мүмкіндігін алдын-ала есептейтін арнайы несиелік калькулятор бар.

ДМИТРИЙ КАПРАЛОВ, «БӘЙТЕРЕК ДЕВЕЛОПМЕНТ» АҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ САТУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Сатып алушы берген өтінішінің қандай деңгейде екенін, оны кімнің қарап жатқанын көре алады. Бұл бар үрдістің ашықтығын қамтамасыз етеді. Біз сатып алушымен тек құжаттарға қол қою сәтінде ғана көзбе-көз жолығамыз.  

Бүгінге дейін Digital Baiterek порталы арқылы 1547 өтініш түскен. 150 пәтер иесін тауып, 103 көлік тұрағы сатылды.