Шағын және орта бизнеспен айналысатындарды қолдауға100 миллиард теңге бөлінеді

Шағын және орта бизнеспен айналысатындарды қолдауға100 миллиард теңге бөлінеді

Шағын және орта бизнеспен айналысатындардың кәсібін қолдауға алдағы уақытта 100 миллиард теңге бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, несиелендіруде өңдеуші өнеркәсіп, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен өндіру, сондай-ақ қызмет көрсету секторындағы жобаларға басымдық берілмек. 2025 жылға қарай экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 35%-ға дейін ұлғайтылуы тиіс.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

-  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде осы қаражаттан берілетін кредиттерді арзандату мақсатында сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үш жылдық бюджетте көзделген. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзарту шеңберінде қаржылық құралдарын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Тиімділігі төмен кәсіпорындарды қолдаудан бас тарта отырып, іріктеу өлшемшарттары жобалардың өнімділігі мен  бәсекеге қабілеттілігіне бағытталатын болады.

Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қаржылық емес қолдау шаралары жетілдіріледі. Атап айтқанда, оқыту бағдарламаларында ІТ-сервистерді қолдану және бизнес үшін жаңа цифрлық шешімдерді қолдану бойынша мамандандырылған курстар жүргізу жоспарланған.