ЕҚДБ Орталық Азиядағы аймақтық интеграцияны қолдайды

ЕҚДБ Орталық Азиядағы аймақтық интеграцияны қолдайды

Еуропаның қайта құру және даму банкі Орталық Азиядағы аймақтық интеграцияны қолдап отыр. Банктің аймақтағы атқарушы директорының айтуынша, елдер экономикасын әртараптандыруға бағытталған жобалар мен өңір мемлекеттері арасындағы инфрақұрылым мен логистиканы дамытуға баса назар аударылуда. Бұл тұста «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыру маңызды, - дейді Бруно Балванера. Оның аясында Қытай мен Еуропаны аймақ елдері арқылы байланыстыру көзделген. Еуропалық қайта құру және даму банкінің аймақтағы атқарушы директоры елдердің саяси күш-жігері мен мемлекетаралық байланысты нығайту жолындағы қадамдарын атап өтті.

БРУНО БАЛВАНЕРА, ЕҚДБ-ның ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БОЙЫНША АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз Орталық Азия аймағының әлеуеті зор деп санаймыз. Алдағы уақытта елдер барынша дамитын болады. Орталық Азиядағы экономикалық өсім біздің банк жұмыс істейтін өзге аймақтарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Бұл көреткіш жыл сайын 4 пайызға жетеді. Ал өзге елдерде 2-3 пайыз шамасында. Биыл біз Орталық Азия аймағына 20-30 пайызға артық инвестиция бағыттауды жоспарлап отырмыз. Көптеген салалар қамтылатын болады.