2020 жылы «Ақтау-Бейнеу» автожолы арқылы 30 мың тоннадан астам жүк тасымалданады

2020 жылы «Ақтау-Бейнеу» автожолы арқылы 30 мың тоннадан астам жүк тасымалданады

Еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруда автожолдардың алатын үлесі басым. 2020 жылға қарай «Ақтау-Бейнеу» автожолы арқылы 30 мың тоннаға дейін жүк тасымалданбақ. Еске салайық, маңызы ерекше көлік дәлізі «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолданысқа берілді. Республикалық маңызы бар трасса еліміздің батысын өзге өңірлермен қатар Ресей мен Өзбекстанды байланыстырады.

ҚАЖЫМҰРАТ СҮЙЕБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ МАҢҒЫСТАУ БӨЛІМШЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бұрындары көліктер осы аралықта 2-3 тәулік бойы жүрсе, қазір 1 күннің ішінде осы қашықтықты бағындыра алады. Каспий мен көршілес Атырау, Шығыс Қазақстан жәнен Ақтөбе облыстарының жол байланысы жақсарып қатынау жеңілдей түсті.  

Ақтау-Бейнеу тас жолы – республикалық «Ақтау-Бейнеу-Атырау» бағытының бір бөлігі. Аймақты кесіп өтетін 592 киллометрі қайта қалпына келтірілді.  

СЕРІК ДІЛЖАНОВ, ЖҮРГІЗУШІ:

-  Жол қазір жақсарды. Бұрынғыдай емес. Жол тегіс. Бұрын Атырау, Бейнеулерге кешке дейін баратын едік. Қазір енді 3-4 сағатта барамыз.

Ескі жолды жаңғыртудың арқасында көлік қозғалысының саны артты. Тек «Ақтау-Жетібай» бағытымен тәулігіне 10 мыңға жуық машина жүріп өтуде. Оның басым бөлігі – жүк көліктері. Еліміздің өзге өңірлерімен қатар Қытай мен Өзбекстан, Қырғыз елінің транзиттік тауарлары тасымалданады.