Өзбекстанда тұңғыш Ортаазиялық экономикалық форум өтеді

Өзбекстанда тұңғыш Ортаазиялық экономикалық форум өтеді

Өзбекстанда тұңғыш орталықазиялық экономикалық форум өтеді. Ірі халықаралық оқиға осы жылдың көктеміне жоспарланып отыр. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан үкіметтерінің басшылары қатысады деп күтілуде. Форум бизнес қауымдастық пен аймақ билігі арасында диалог орнатуға сеп болмақ. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінде өндірілетін тауарлардың сыртқы нарыққа шығарылуына жағдай жасайды.

САИДИКРАМ НИЯЗХОДЖАЕВ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

-  Бұл шара Орталық Азия елдері жетекшілерінің консультативтік кездесуінің алдында өтетін болады. Экономика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланбақ. Мұнымен қоса, сыртқы саудамызды дамыту жайы сөз етіледі. Тек аймақ елдері арасында ғана емес, өзге елдермен мықты әріптестік орнату мәселесі ортаға салынады.

Орталық Азия елдері министрлер кабинеті басшыларының кездесуі барысында қауіпсіздік пен экономикалық байланыс та сөз болады. Шара барша Орталық Азия аймағына оң әсерін тигізеді, дейді Қазақстандағы Өзбекстанның елшісі Саидикрам Ниязходжаев.

САИДИКРАМ НИЯЗХОДЖАЕВ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Бұл кездесу бізге әріптестігімізді нығайтып қана қоймай, қазіргі таңда туындап отырған жаңа қауіп-қатерлерге төтеп берудің бірыңғай тәсілін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан-Өзбекстан байланысы аймақтағы өзара тиімді әріптестікке дәлел бола алады. Мәселен, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 40 пайызға артқан. Көрсеткіш 2,5 млрд АҚШ долларына жетіп отыр. Елдер бұл байланысты одан әрі нығайтуға мүдделі. Өзара сауданы тағы 40 пайызға ұлғайту көзделуде.