2018 жылы елімізде 7 жаңа жеңіл өнеркәсіп орны ашылған

2018 жылы елімізде 7 жаңа жеңіл өнеркәсіп орны ашылған

Қазақстан экономикасы өсімінің басым бөлігі отандық жеңіл өнеркәсіп үлесінде. Индикаторлардың өсуі тоқыма өнеркәсібінде, киім өндірісінде және басқа да салаларда байқалады. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда еліміздің жеңіл өнеркәсібі – бұл мыңдаған кәсіпорын. Оның 95 пайызы шағын бизнеске тиесілі. Жыл сайын бұл салалар дамып келеді. Егер 2018 жылы 7 жаңа кәсіпорын ашылса, жақын арада тағы 3 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде.

ДАРХАН КӘРІБАЕВ, ҚР ИИДМ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ САРАПШЫСЫ:

 - Жеңіл өнеркәсіптің 3 жобасын іске қосу жоспарланған. Олар кілем өндірісі бойынша фабриканың үшінші кезеңін салу, сондай-ақ шөптерді байлайтын жіптерді өндіру бойынша зауыт және иірім жіп өндірісі. Барлығы ОҚО, Алматы облысы және Шымкент қаласында іске асырылуда.

Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіп ошағы 90 млрд теңге көлемінде өнім шығарады. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты дамытуға алдағы уақытта 0,5 трл теңге бөлуді қарастырып отыр. Осы бағытта да ауқымды жұмыстар қолға алынған.

ӘЛІМЖАН ТОҚТАСЫН, ҚР ИИДМ ЭКСПОРТТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ІЛГЕРЛЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - 500 млрдтың 470 млрды осы біздің мекемелерге қаржыландыруға жұмсалады. 30 млрд сервистік қолдауға жұмсалады. Шетелде ҚР сауда өнеркәсіп палатасының өкілдігі ашылады. Олар біздің мекемелерге экспортты шығарған кезде қандай қиыншылықтар туылады, қандай мемлекеттің ана жақта техникалық лицензияларын алу керек, жолын көрсетеді.

Сарапшылардың айтуынша, елімізде қабылданған индустрияландыру бағдарламасы салаға үлкен көмек болды. Бағдарлама қолға алынғаннан бері елімізде 1 мыңнан аса кәсіпорын ашылған. Тек өткен жылы 100-ден аса өндіріс орны іске қосылды. Елімізде шығарылатын 500-ден аса өнім түрі 110 елге экспортталады.