Қостанайда шығарылатын автокөлік модельдері көбеймек

Қостанайда шығарылатын автокөлік модельдері көбеймек

Қостанайда шығарылатын автокөліктердің модельдері көбейе түседі. Аймақта тартылған инвестициялардың арқасында жыл сайын 30 мың көлікке дейін жинау жоспарланып отыр. 2023 жылға дейін мамандар бұл көрсеткіштерді 3 есеге арттыруды көздейді. Қазіргі таңда отандық авто зауыт экспортқа басымдылық беріп отыр. Сынақ партиялар Беларусь еліне жөнелтілді. Қырғызстан және Тәжікстан нарығына көліктер шығару жоспарда бар.

СЕРГЕЙ МОГИЛАТОВ, ТЕХНИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Экспорт географиясы кеңейе түседі. Біз өнімімізді негізінен Ресейге жөнелтеміз. Шекараға дейінгі ара қашықтық 170 шақырым. Ол елде Челябинск, Екатеринбург сынды үлкен қалалар бар. Орал өңірінің тұрғындар саны біздің еліміздің тұрғындар санымен бірдей.

Сарапшылардың айтуынша, қостанайлық көлік зауытының әлеуеті зор. Биыл кәсіпорындағылар 20 мың көлік жинауды көздеуде. Олардың кем дегенде 30 пайызы экспортқа жөнелтіледі.