Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда айналымы 1 млрд доллардан асты

Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда айналымы 1 млрд доллардан асты

Үндістан – Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды рольге ие. Халықаралық сарапшылар осындай пікір білдірді. Мамандар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстар жақсы жолға қойылғанын айтады. 2018 жылы Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда айналымының көлемі 1 миллиард доллардан асқан. Қазір тоқыма өндірісі мен ақпараттық технологиялар ынтымақтастықтың басым бағыттарының біріне айналған. Қазақстандық IT-мамандары Үндістанда біліктілігін жетілдіреді. Бұдан бөлек екі мемлекеттің энергетика саласында да өзара тиімді серіктестік орнаған.        

БОЛАТ СӘРСЕНБАЕВ, ҚР-НЫҢ ҮНДІСТАН МЕН ШРИ-ЛАНКАДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Үндістан бұл үлкен нарық болып табылады. Мұнда 1 миллиард 300 миллион адам тұрады. Сондықтан, әрине бұл біз үшін өте маңызды мемлекет болып саналады. Екіжақты сауда айналымының 80 пайызын біздің елдің экспорты құрап отыр. Алдағы уақытта біз өзге елдерден сатып алатын тауарларды Үндістаннан да ала алатын боламыз. Мысалы, әлемге танымал Үнді шайы, түрлі дәмдеуіштер, мәрмәр және Үндістанда шығарылатын түрлі құрал-жабдықтар әкелінеді.