2018 жылы шетелдік инвестициялар көлемі 18% -ға өсті

2018 жылы шетелдік инвестициялар көлемі 18% -ға өсті

Инвестициялардың өсуі – Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі. Елде шетелдік капиталды тарту мақсатында ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар жұмыс барлық бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда жеделдетілген модернизация, инновация және цифрландыруға басымдық беріліп отыр. Елде қолайлы инвестициялық климат құрылды, 11 арнайы экономикалық аймақ және 22 өнеркәсіптік кәсіпорын бар. Онда қажетті инфрақұрылым қалыптастырылған. Айта кетейік, былтырғы жылы шетелдік инвестициялар көлемі 18% -ға өсті.

АЙБОЛ АРҒЫНҒАЗИНОВ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - 2017 жылдың соңында Қазақстан экономикасына 7,4 трлн теңге шетелдік инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 20,3 %  артты. Бұл – ел экономикасының тартымдылығы мен тұрақты өсуін көрсететін тікелей дәлел. Біз, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығның ашылуы жеке және корпоративтік активтерді, депозиттерді және салымдарды орналастыруда өз көмегін береді деп ойлаймыз.

Сонымен қатар еліміздің барлық өңірлері инвесторларды тарту мақсатында жұмыс жасап келеді.  Мәселен, Жамбыл облысында жалпы құны 80 млрд теңгеден асатын 124 инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың басым бөлігі өткен жылы жүзеге асырылған.

ЖАЙЫҚБАЙ  ШАЛДАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Тұрғын үй құрылысы саласында биылғы жылы 20 млрд теңгені құрайтын 32 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 20 нысаны пайдалануға тапсырылды. Аталған нысандарға 7,8 млрд теңге бөлініп, бүгінге 7,1 млрд теңгесі игеріліп отыр.

Сарапшылар ұзақ мерзімді динамикада шет елдердің Қазақстанға деген қызығушылығын арта түскендігін байқаған. Бұдан басқа, тағы бір айта кететін үрдіс – бұл өндіріс пен саудаға салынған инвестициялардың артуы. Сарапшылар 2022 жылға қарай экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталында шетелдік инвестициялардың көлемі 50 пайызға дейін артуы мүмкін деген болжам келтіріп отыр.