Қазақстан 2018 жылды ішкі жалпы өнімнің 4% деңгейімен аяқтады

Қазақстан 2018 жылды ішкі жалпы өнімнің 4% деңгейімен аяқтады

Қазақстан 2018 жылды ішкі жалпы өнімнің 4% деңгейімен аяқтады. Осылайша 12 айға экономикалық болжам ақталды, - дейді сарапшылар. Өткен жылдары да өндіруші сектор ел бюджетіне ең көп қаражат тартқан. Биыл экономика өсімі ең алдымен Қашағандағы мұнай өндірісімен байланысты болып отыр. Алайда басты атап өтерлік жайт – шикізаттық емес салада да өсім байқалады.

СЕРГЕЙ ДОМНИН, САРАПШЫ, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Мұнай әрдайым экономикалық өсімді қамтамасыз еткен болатын. Бұл заңдылық сақталады, әрине. Ал өзге салалар, шикізаттық емес сектор біртіндеп дамып келеді. Оның қарқыны өндіруші саламен бірдей. 4-5 пайыз көлеміндегі өсімді айтарлықтай жоғары деп айтуға болады.

Қазақстандағы экономикалық өсімді шетелдік қаржы институттары да атап өтті. Азия даму банкі жыл соңында жариялаған болжамында Қазақстан мен жалпы Орталық Азия бойынша оң көрсеткіштер жасаған болатын. Сондай-ақ қаржы институтындағылар өңдеу саласы мен өндірістің өсімін атап өтті.

ДЖОВАННИ КАПАННЕЛЛИ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДБ ӨКІЛДІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Аймақ өндірісіндегі өсімді байқап отырмыз. Бұл экономиканы әртараптандыру саясаты тиімді жүргізіле бастағандығын көрсетеді. Қазақстанда ғана емес, барша аймақта осындай оң нәтиже байқалады. Аймақта қазіргі уақытта Өзбекстан белсенді өсім көрсетіп отырғандығын атап өтер едім. 

2018 жылдың тағы бір басты жетістігі – «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуы. Оның базасында биыл биржа ашылған болатын. Сауданы ел президенті салтанатты түрде ашты. Алғашқы екі күннің өзінде брокерлер 780 келісім жасады.Төрт айлық жұмыс нәтижесінде «Астана» қаржы орталығы әлемдік рейтингте 61-ші орынға көтерілді. 2 жылдан соң топ-50 тізіміне енеді деп күтілуде. Аз ғана уақыт ішінде қаржы орталығы сенімді серіктестер тауып, әлемдік қаржы институттарына өзін мойындатып үлгерді. «Астана» қаржы орталығы Қазақстанның ғана емес, барша аймақтың алдағы уақытта Еуразия құрлығының қаржы хабына айналмақ. Сарапшылардың айтуынша, бұл – қол жеткізуге болатын жоспар.