11 ай ішінде Қазақстан мен Әзербайжанның тауар айналымы 192 млн долларға жетті

11 ай ішінде Қазақстан мен Әзербайжанның тауар айналымы 192 млн долларға жетті

Қазақстан мен Әзербайжан экономикалық әріптестікті нығайтуда. 11 ай ішінде екі елдің тауар айналымы 192 млн долларға жетті. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 60% пайызға артық. Қазақстан кейбір өнімдердің экспортын 2 есеге арттырып отыр. Көшбасшы салалар қатарында ауыл шаруашылығын атап өтуге болады.  

РАШАД ГАСАНОВ, ЭКОНОМИСТ:

 - Қазақстаннан негізінен астық өнімдері, шикі мұнай, мұнай өнімдері және мырышталған болат алынады. Өзге тауарлар да бар. Келер жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымы арта түседі деген ойдамын.

2018 жылы астық жөнелту көрсеткіші 2017 жылмен салыстырғанда 3 есеге артып, 220 мың тоннаға жетті. Бұдан бөлек, Әзербайжанда қазақстандық күріш пен жасымық та сұранысқа ие болып отыр. 

РАШАД ГАСАНОВ, ЭКОНОМИСТ:

 - Биылғы келісімдер бойынша Әзербайжан бірқатар өнеркәсіп тауарлары бойынша қазақстандық нарықтағы үлесін арттырады деп айтуға болады. Транзиттік мүмкіндіктердің жақсаруы Қазақстанға Әзербайжан нарығына шығаратын өнімдердің тізімін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Әлі де әріптестікті нығайту әлеуеті зор.

Ал Әзербайжан болса, Қазақстан нарығына жөнелтетін жеміс-жидектер, шырын, шай, жаңғақ пен өзге өнімдер санын арттырмақ. Өткен жылы екі ел басшылары 2020 жылға дейін тауар айналымын 2 есеге арттыру мақсатын қойған болатын. Алайда елдер бұл межеге белгіленген мерзімнен бұрын жетті. Қазірдің өзінде өсім 2 есеге артық.