Қазақстан мен Украина агроөнеркәсіп саласында өзара ынтымақтастықты арттырмақ

Қазақстан мен Украина агроөнеркәсіп саласында өзара ынтымақтастықты арттырмақ

Қазақстан мен Украина агроөнеркәсіп саласында өзара ынтымақтастықты арттырмақ. Екі елдің агроөнеркәсіптік кешенінде жұмыс істейтін мемлекеттік және жеке меншік компаниялары ғарыштық мониторинг саласындағы байланыстарын нығайтуға ниетті. Бұл егістіктердің жағдайын бақылауға әрі бағалауға мүмкіндік береді, дейді мамандар. Айта кетерлігі, ауыл шаруашылығы – қос тарап экономикасының негізгі салаларының бірі.

НАТАЛЬЯ КУССУЛЬ, УКРАИНА ҒАРЫШТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Қазақстанда қазір спутниктік мониторинг технологиясын енгізу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта  біз қазақстандық әріптестерімізге спутниктік деректерді өңдеу және алынған ақпараттарды халықаралық сараптамалармен толықтыру бойынша құнды кеңес беріп, мүмкіндігінше өз тәжірибемізбен бөлісеміз деп жоспарлап отырмыз.

Ауылшаруашылық алқаптарына ғарыштық мониторингке топырақтың жағдайы, арамшөптердің көлемі, дақылдарды суару, егін ору мерзімдерін бақылау шаралары кіреді. Сарапшылар ландшафт құрылымын зерттеуде жаңа технологияларды кеңінен пайдалануды жоспарлауда.

ЮРИЙ ПЕКУН, АГРОБИЗНЕСТІ ТМД ЕЛДЕРІ БОЙЫНША ДАМЫТУДЫҢ МАМАНЫ:

 - Айталық, біздің компания қазақстандық агроном мен бизнесті басқару жетекшілеріне ғарыштан түсірілген алқаптың картасын ұсынады. Мониторинг картасы қар жауғаннан кейін егінге арналған жердің жай-күйі қандай деген сұраққа жауап бере алады. Техника алаңға шықпас үшін агроном алып жердің жағдайын жан-жақты зерттеп алып, ақпаратқа қанық болса – ең тиімді тәсіл сол әрі талай шығынның алдын алады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Украина ауылшаруашылық техникасын құрастыру, мал және өсімдік шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр.