АХҚО Қытай тәжірибесін меңгеруде

АХҚО Қытай тәжірибесін меңгеруде

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қытай тәжірибесін меңгеруде. Қазақстанды, әсіресе, Қытайдың жасыл қаржы, ірі қалаларды дамыту салаларындағы жетістіктері қызықтырады. Мекеме басқарушысы Қайрат Келімбетовтың айтуынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Бейжің, Шанхай, Ханчжоу қалаларындағы ірі компаниялармен әріптестікті нығайтуға қол жеткізілген. Қаржы орталығы келер жылы аймақтағы аса ірі халықаралық қаржы институты – Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен байланысты бекемдей түспек.

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

-  Шынымен Қытай қаржы технология саласында көш ілгері келеді. Бүгінгі таңда аспан асты елінің цифрлы технологиядағы  қол жеткізген жетістіктерін бүкіл әлем мойындап отыр. Бүгінде біз осы озық технологияларды пайдалану және электронды сауданы дамыту үшін бірнеше компаниямен әріптестік орнатып үлгердік.