Қазақстан мен Ресей өзара тауар айналымының көлемін ұлғайтуда

Қазақстан мен Ресей өзара тауар айналымының көлемін ұлғайтуда

Қазақстан мен Ресей өзара тауар айналымының көлемін ұлғайтуда. Мысалы, республикамыз көрші елдің Челябі облысының импорт-экспорт құрылымында өз үлесін 40% -ға дейін арттырды. Осылайша, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Қытай елінен озып, алға шықты. Жалпы 9 айдың қорытындысы бойынша, Ресей Федерациясының шекара маңы аймағымен тауар айналымы шамамен 1,5 миллиард долларға жетті. Негізінен ол минерал өнімдері мен одан жасалған тауарларға тиесілі. Сонымен қатар екі ел арасында ауылшаруашылық өнімдері мен сусындарға деген сұраныс жоғары. Сарапшылардың пікірінше, Челябі облысы мен Қазақстан арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқыны жыл сайын артып келеді. Статистикаға жүгінетін болсақ, өткен жылмен салыстырғанда, бұл  6-7% артық. Айта кетейік, 2017 жылғы тауар айналымы шамамен 2 миллиард долларға жеткен.

ДМИТРИЙ ГЛУХАРЕВ ЧЕЛЯБІ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ М.А:

 - Іс жүзінде экспорттық, импорттық тауар айналымының құрылымы бірдей деп айтуға болады. Біз Қазақстаннан бірталай шикізат аламыз. Мысалы, 2017 жылдың соңына қарай Қазақстаннан импорт-экспорт көлемінен асып түсті. Яғни біз Қазақстаннан алғанымыз айтарлықтай көп.