Ұлы Жібек жолын жаңғыртқан жоба

Ұлы Жібек жолын жаңғыртқан жоба

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» Шығыс пен Батысты жалғайтын 40 күндік теңіз жолын 4 есе қысқартты. Автодәліздің жалпы ұзақтығы 8 мың 445 шақырым болмақ. Оның 2 мың 787 шақырымы Қазақстанның 5 өңірін бойлай өтеді. Бұл жоба арқылы ел экономикасына түсетін жылдық орташа пайда 200 млрд теңге шамасында. Жол құрылысына Қазақстан, Оңтүстік Корея және түркиялық компаниялар қатысты. Мысалы, Жамбыл облысындағы 495 шақырымдық учаскеде отандық материалдарды пайдалана отырып, заманауи стандарттар бойынша 22 көпір, 11 жол айырықтары және 15 жол өткелі салынды.

АБДРАХМАН ДАУБАЕВ, «ЖАМБЫЛ ЖОЛ ЗЕРТХАНА» РМК ЗЕРТТЕУШІСІ:

-  Жол қазіргі таңда халықаралық стандартқа сай деп есептелініп отыр Цемент-бетондық жамылғы қалыңдығы 25 сантиметрді құрайды, оның негізгі ШПС-і деп есептелінеді, ол 18см-ді құрайды, 1 оське салмақ 13 тоннаны құрап отыр.

Жаңғырған жаңа магистраль жаңа бастамаларға жол ашты. Алысты жақындатып, транзиттік әлеуетті арттырды.

АМИТЖАН ӘБДІРАХМАНҰЛЫ, ЖҮРГІЗУШІ:

 - Москвадан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолымен жүріп келе жатырмыз. Қазақстан мен Ресей арасында көкөніс тасимыз.

ҒАБИТ ОРАЗОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МКД КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Ағымдағы жылдың 11 айында Қытай Халық Республикасынан әкелінетін тауарларға қатысты рәсімделген транзиттік декларациялардың жалпы саны 261 мың 502 декларацияны құрып отыр. Демек 2017 жылдың есебінен 20 пайызға көбейіп отыр. Транзиттік әлеует, транзиттік тасымалдардың жалпы қарқынды дамуын көрсетіп отыр. Және Ұлт жоспарының 65-ші қадамында көзделген мултимадальды көлік дәлізін дамыту барысында ықпалын тигізіп отыр.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойында жаңадан кәсіпорындар құрылып, құрылыс материалының өндірісі жанданды. 2020 жылға қарай осы күрежолда жыл сайын 30 миллион тоннадан астам жүк тасымалданатын болады. Демек, бұл автобанды экономиканың күре тамырына айналды деуге негіз бар.