Отандық автокөлік өндірісіне Қытай компаниясы инвестиция бағыттайды

Отандық автокөлік өндірісіне Қытай компаниясы инвестиция бағыттайды

Қазақстан өндірісіне инвестиция құюға ниетті ірі компаниялар қатары артуда. Отандық автокөлік өндірісіне Қытайдың трансұлттық мемлекеттік компаниясы капитал бағыттайтын болды. Жергілікті ірі автоөндірушімен қол қойылған келісім отандық машина жасау саласы үшін стратегиялық жоба болып табылады, дейді сарапшылар. Ол саланың даму қарқынын арттырып, экспорттық әлеуетті ұлғайтады. Жоба «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламасының маңызды бөлігі және индустрияландыру мен инвестициялардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының тізіміне енеді. Бірлескен кәсіпорынға салынған инвестиция шамамен $1,1 млрд болмақ.

ЛУ ЙИМИН, ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Біз бүгін тарихи маңызы бар құжатқа қол қойдық. Өйткені, ол екі елдің экономикасын дамытуға зор үлес қосады. Енді бірлескен кәсіпорынға жаңа технологияларды енгізіп, жұмысын жандындыруды жоспарлап отырмыз. Болашақта қос тараптың әріптестігі одан сайын арта береді деген үміттенеміз.