Қазақстан-Сингапур: Өзара әріптестік

Қазақстан-Сингапур: Өзара әріптестік

Қазақстан мен Сингапур әріптестікті нығайтуда. Осы жылдың 9 айының өзінде екіжақты тауар айналымы 400 млн доллардан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,5 есеге артық. Қазақстанның Сингапурге жөнелтетін тауар көлемі де 8 есеге өсіп отыр. Білім, мәдениет сынды өзге салалардағы әріптестік те дамуда. Тараптар халықаралық саясат мәселелері бойынша да байланысты нығайтуға ден қойған.

ҮСЕН СҮЛЕЙМЕН, ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ МЕН СИНГАПУРДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІСІ:

-  Қазақстан мен Сингапур бір-бірінің халықаралық аренадағы бастамаларын қолдайды. Мәселен, биыл Сингапур Қазақстанның «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізудегі мінез-құлық» кодексін қолдады. Бұған дейін Қазақстан Азия-Еуропа форумына,  Дүниежүзілік сауда  ұйымына кіру кезінде Сингапур тарапының қолдауына ие болған еді. Сондай-ақ Сингапур Қазақстанның 2020 жылы Астанада 12-ші министрлік конференциясын өткізуге берген өтінішін де барынша құптады.  

Елшінің айтуынша, Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты байланыс әлі де толыққанды дамымай отыр. Екі елдің әріптестікті дамыту әлеуеті зор. Осы жылдың қараша айында Қазақстан премьер-министрінің Сингапурге жұмыс сапары барысында маңызды келісімдерге қол қойылды. Сапар қорытындысы бойынша, әріптестіктің жол картасы әзірленуде. Ол екі елдің байланысын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ұсынады.