Пусаннан Қорғасқа апаратын тікелей бағыт

Пусаннан Қорғасқа апаратын тікелей бағыт

Жаңа транзиттік мүмкіндіктер. Оңтүстіккореялық Пусан теңіз порты арқылы Қорғастан Еуропаға контейнерлік поезд жөнелтіледі. «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақ мен Пусан теңіз портының жетекшілері тиісті келісім жасады. Тараптар биылғы жылдың сәуір айында әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын. Бұл құжат аясында Пусан порты мен Ляньюнгань арасындағы тікелей байланыс құру мәселесі талқылануда. Тартылған инвестиция көлемі 500 млрд теңгеден асты. Қазіргі таңда Оңтүстік Кореядан қытайлық Ляньюнгань порты мен қазақстандық Қорғас арқылы Еуропаға апаратын жол ең қысқа болып отыр. Қазіргі уақытта Пусан Оңтүстік Кореядағы ірі теңіз порты саналады. Жүк айналымы бойынша әлемде 5-ші орынға ие.

МҰРАТ БАЙМҰХАНБЕТОВ, «ҚОРҒАС-ШЫҒЫС ҚАҚПАСЫ» АЭА БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Ляньюньган-Қорғас-Баку арқылы Еуропаға жететін трансконтинентті бағыт жұмыс істеуде. Онымен жүк тасымалданып жатыр. Биыл өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан арқылы өтетін жүк тасымалы 11 есеге артты. Бұл көрсеткіш әлі де артатын болады. Біз де Пусаннан Ляньюньгань арқылы, Қорғаспен Еуропаға жүретін сынақ поезд ұйымдастыру жөніндегі келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Осылайша аталмыш  бағыттың мүмкіндіктерін көрсетпекпіз.