СҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндірістік кластер құрылады

СҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндірістік кластер құрылады

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл-шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндірістік кластер құрылады. Бұл – Қазақстан мен Қытай елдерінің бірлескен жобасы. Әзірге Ильичевка ауылында май зауыты жұмыс істейді.

РҮСТЕМ ЖӘНІБЕКОВ, ОПЕРАТОР:

 - Үгіткіш станоктардан кейін анау екі пешке барады. Содан кейін ішінде пармен қыздырады. Мен тағы да сулылығын тексеремін. Егер сулылығы 8-ден асса мен суды пешке қоспаймын.

Бұл – облыстағы майлы дақылдарды өңдейтін жалғыз зауыт. Оның құрылысына – 7 млрд теңге қаржы құйылды. Биыл кәсіпорын 100 мың тонна рапс қабылдап, өсімдік майы мен күнжара шығарады. Өнім Қытайға экспортталады. Инвесторлар да сол елден.

ЛУ ПЕЙ ДЖЕ, МАЙ ЗАУЫТЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Май зауыты – бірінші кезең. Екінші кезең – 2020-2023 жылдар аралығында ет пен сүт өңдеу кәсіпорындарын саламыз. Үшінші кезең – бал өндірісі. Онда 300 адам жұмыс істейді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында 2022 жылға қарай  агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және қайта өңделген өнім экспортын 2,5 есеге көбейту керектігін тапсырды. Биыл солтүстікте 1 млн тоннадай майлы дақыл жиналды. Енді облыста оны өңдейтін орын бар.

СЕМБІ МҰҚАНШӘРІПОВ, АМАНДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

 - Шағын қожалықтарға өте пайдалы болды. Олар бұрын майлы дақылдарын қайда өткізерін білмейтін. Қазір осы жердегі май зауытына өткізеді де, сол жерден ақшаларын алып, өте жоғары бағамен тапсырады.

Сонымен қатар алдағы 5 жылда елді мекенде ет, сүт, бал шығаратын кешен пайда болады.