Ақмола мен Қарағанды облыстарында ет комбинаты мен 16 сүт фермасы салынады

Ақмола мен Қарағанды облыстарында ет комбинаты мен 16 сүт фермасы салынады

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені – елдің экономикалық өсуінің негізгі драйверлерінің бірі. Өнеркәсіптің дамуы қазіргі заманғы технологияларды енгізуді және фермерлерді қолдауды қамтиды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық бағдарламасы бойынша алдағы 10 жылда сүт және құс етін өндіруді 3 есеге арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар Ақмола мен Қарағанды облыстарында 2021 жылға дейін ет комбинаты мен 16 сүт фермасы салынады. Мұның барлығы сүт өнімдеріне және тауық етіне импорттық тәуелділікті жоюдың нақты қадамдары.

АРМАН ЕВНИЕВ ҚР АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Салалық сүт бағдарламасы 10 жылда 1 млн тоннаға дейін сүт өндіруді көздеп отыр. Экспортқа шығарылған осы 1 млн тонна сүт жазылып отырады. Жобалардың нақты жаңа бастамалары бар. Сондықтан бұл нақты жұмыс, бір фермер – бұл жоба.

Цифрландыру енгізу де өз нәтижелерін беруде. Жаңа технологиялар фермерлерге жазбаларды тиімді сақтауға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтарының бірінде әзірленген мобильдік қосымшаға көрші мал шаруашылығы кәсіпорындарының иелері де қызығушылық танытып отыр. Бақылау жүйесіне бар болғаны  ұялы телефон ғана қажет. Ол GPS сигналы ретінде қызмет етеді. Фермер жануарлардың біреуінің мойнына ұялы телефонды іліп жібереді. Жоғалған мал соның көмегімен іздеп табылады.

САЯН БАЕТОВ, БӨКЕЙОРДА АУДАНЫ ХАН ОРДА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Ол жайылымда жайылып жүреді. Мен тек сырттай бақылап отырамын. Егер отардың жартысы бөлініп кетсе, мен ұялы телефонымдағы қосымшаны ашып, олардың қай бағытта кеткенін көре аламын.  Сол жолмен мен де жүріп отырып, тауып аламын. Өткен жылы мен мал баққан кезде бірде бір мал жоғалған емес. Оған осы мобильді қосымшаның арқасында қол жеткізіп отырмын.

Бұл мобильді қосымша арқылы фермер мал басын қадағалауға мүмкіндік береді. Фермадағы жануарлар радиожиіліктік биркамен қамтамасыз етілген. Олар электронды сәйкестендіру үшін қажет. Барлық деректер Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректер базасында сақталады. Фермер қосымша арқылы бұл деректер базасына кіріп, жануардың төлқұжатына тиісті өзгерістер енгізе алады. Фермердің идеясына ауыл шаруашылық министрлігінде қызығушылық танытып отыр.