Лондондық іскерлер «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысты

Лондондық іскерлер «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысты

Лондонда кәрі құрлықтың іскер топтары «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысты. Қазақстандық өкілдердің айтуынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығының нормативті-құқықтық базасы ең үздік әлемдік тәжірибеге негізделіп жасалған. Қаржы орталығы сот жүйесін, қор нарығындағы қаржы қызметі мен операцияларын халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейді.

ГАРРИ КЕННЕТ ВУЛЬФ, АХҚО СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Жауапкершілігі маған жүктелген соттың үлкен жетістіктерге жеткеніне өте қуаныштымын. Біз бизнеске ашықпыз. Барлығы жоғары деңгейде болу үшін сапалы инфрақұрылым жасалып жатыр.

Кездесуде қаржы орталығының өкілдері Сот пен Халықаралық арбитраж қызметінің қаржы орталығының қалыптасуына қосқан үлесіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ ортақ ынта-жігермен жасалып жатқан экожүйе бүкіл әлемдегі инвесторлар үшін қауіпсіздіктің кепілі болатындығына сенім білдірді.

БАРБАРА ДЖАДЖ, АХҚО ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 - Бұл – өте керемет. Мұндағы жиынға 200-дей адам жиналды. Олардың жартысы елдеріңіз Қазақстанмен етене таныс және ортақ бизнес құрған. Өзгелері ел туралы көбірек хабардар болу үшін мақсат тұтып келіп отыр.

Британдық бизнестің капитаны «Астана» халықаралық қаржы орталығының алғашқы жылындағы нәтижелерімен танысты. Ресми түрде іске қосылғалы бері қаржы орталығының биржасында сауда жасала бастады. Қазірдің өзінде онда 100 компания тіркелген. Бүгінгі шарадан кейін олардың қатары көбейеді деген үміт бар.