Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының өзара тиімді стратегиялық әріптестігі сан саланы қамтиды. Елдердің ұзақ жылдарға жалғасқан достық байланыстары кеңейіп, нығайып келеді. Бүгінде қос тараптың бірлесіп қолға алған жобаларының саны 51 болса, ал инвестициялардың жиынтық көлемі 27 миллиард доллардан асып жығылған. Алдағы 2 жылдың ішінде Қазақстан мен Қытай жалпы құны 4 миллиард доллар болатын тағы 11 жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Екіжақты ықпалдастықтың енді бір бағыты – шекара маңы аймақтарының инфрақұрылымын модернизациялау. Бейжіңде тиісті үкіметаралық құжатқа қол қойылды. Жаңа бірлескен жоба Қазақстан аумағында орналасқан 12 құрлықтық және бір теміржол өткізу бекетін жарақтандыруды, мәліметтерді өңдеу орталығын салуды, 12 әуежайдың техникалық жарақтандырылуын модернизациялауды қарастырады. Құрал-жабдықтарды әлемнің ондаған елінде заманауи қауіпсіздік жүйелерін орнатумен айналысқан қытайлық компания орнатады.  

ВАН ВЭЙДУН, ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

-  20 жылдан бері Қазақстанның бақылау-өткізу бекеттерін арнайы жабдықтармен жарақтап келеміз. Технологияларымызды жылдан жылға жетілдірудеміз. Екіжақты ынтымақтастықты нығайтпақ ойымыз бар. Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асырудағы Қазақстанның маңызы зор. Сол себепті сіздің елдегі қызметімізді кеңейтпекпіз.