Қазақстан ЕАЭО аясында өз мүдделерін қорғап қалды

Қазақстан ЕАЭО аясында өз мүдделерін қорғап қалды

Қазақстан – Еуразия экономикалық одағының маңызды қатысушыларының бірі. Еске салайық, ірі экономикалық қауымдастық құру туралы бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Айта кету керек, одақ қалыптасқан сәттен бастап қатысушыларға жаңа нарықтар қолжетімді болды. Бұл тұрғыда Еуразия экономикалық одағы айтарлықтай жетістікке жетті. Бұл өзара инвестициялардың өсуінде де байқалады. Қазақстанның 2018 жылдың бірінші жартысында Одақ мемлекеттерімен тауар айналымы шамамен 9 млрд. долларды құрады.

Бүгінгі таңда Еуразия экономикалық одағы – бірегей модель. Заман талабына сай жедел әрекет ету үшін елдер экономикалық мәселелерді бірлесіп шешеді. Мәселен, Мәскеуде Еуразия экономикалық одақтың ауылшаруашылық саясаты жөніндегі Кеңесінің алғашқы отырысында еліміз ауыл шаруашылығында өндіріс көлемін болжаудың жаңа әдістемесін құру туралы ұсыныс жасады. Еуразиялық экономикалық комиссия оны әзірлеуді қолға алып отыр. Сондай-ақ тауар қозғалысын бақылайтын логистикалық цифрлы платформалар Бірыңғай ақпарат жүйесінің негізінде құрылмайтын болды. Еліміздің ауылшаруашылық министрлігі бұл мақсатта ұлттық ақпарат-логистикалық жүйелерінің бірлесіп жұмыс істеуін ұсынды.

ГҮЛМИРА ИСАЕВА, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

-  Еуразия экономикалық одағы президенттің бастамасымен құрылған кезде, негіз ретінде экономикалық прагматизм әдістемесі қабылданды. Яғни біздің елдер Еуразия экономикалық одағында, оның ішінде ауыл шаруашылығында өзара әрекеттесуден пайда табуы керек. Біз, мысалы, біздің елдің нарықтарында сұранысқа ие өнімдер шығара алатын болсақ, неліктен біз өзімізде қанша азық-түлік өнімдерін өндіріп, тұтынуға болатындығын көрсететін болжамдар жасамаймыз?

Бүгінде экономикалық интеграцияға деген қызығушылық өзге елдер де туындауда. Осыған орай олар ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниет білдірді. Еуразия экономикалық одағы мен Вьетнам арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойылды. Сингапурмен де осындай келіссөздер жүргізілуде. Одақпен сауда-саттықты күшейтуді Мысыр елі де көздеуде.