ЕАЭО және Мысыр: Өзара сауда туралы келісім

ЕАЭО және Мысыр: Өзара сауда туралы келісім

Еуразиялық экономикалық одақ пен Мысыр арасындағы өзара сауда туралы келісім бойынша келіссөздердің алғашқы раунды 2019 жылдың қаңтарында өтеді. Қос тарап арасында тиісті құжатқа қол қойылып, бірлескен жұмыс мақсаттары мен қағидалары бекітілді. 2018 жылдың алғашқы 8 айының қорытындысы бойынша, Еуразиялық бестік елдері пен Араб Республикасының тауар айналымы 4 миллиард доллардан асып түскен. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға жоғары. Еуразиялық экономикалық одақтың маңызды қатысушысы – Қазақстан. Президент Нұрсұлтан Назарбаев – еуразиялық ықпалдастықтың бастамашысы әрі бас қолдаушысы. Бүгінде еліміздің одақ елдерімен тауар айналымы 9 млрд долларға жуықтаған.