Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы

Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы

Қазақстан мен Өзбекстан арасында стратегиялық сауда серіктестігі орнатылған. Екі ел арасында сауда-саттықтың тұрақты өсуі байқалады. 9 айда бұл көрсеткіш 2 миллиардтан асып түскен. Десе де тараптар екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Алдағы міндет – 2020 жылға қарай тауар айналымды 5 миллиард долларға жеткізу. Бұл көрсеткішке жетуде жаңа келісімдердің көмегі де сеп болмақ. Атап айтар болсақ, автомобиль өнеркәсібі мен логистика саласындағы бірлескен жобалар.

АВАЗ ХОДЖИЕВ, СЫРДАРИЯ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӨЗБЕКСТАН:

 - 10 миллион доллар көлеміндегі 2 инвестициялық келісімшартқа қол қойылды. Бұл біздің облысқа тартылған қазақстандық инвестициялар. Жобаның бірі – қазіргі заманғы полипропиленді орау екіншісі кальций карбонатын өндіру.

Қазіргі уақытта республикамыздың 7 аймағы Өзбекстанмен тығыз ынтымақтастықта. Қазіргі уақытта көршілес елде қазақстандық капиталдың қатысуымен әртүрлі нарық сегменттерінде 260 кәсіпорын жұмыс істейді.

ҒАБИДОЛЛА ӘБДІРАХЫМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Ағымдағы жылдың 9 айында 61 млн. АҚШ долларын құрады, ал экспорт көлемі 49 млн. АҚШ доллары, ал импорт көлемі 12 млн. АҚШ долларына сәйкес.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Өзбекстанға бидай, ұн, күнбағыс, жартылай өңделмеген болат және темір, мырыш кені, алюминиі шикізат, табиғи газ және мұнай жеткізеді. Ал көрші елден жемістер, көкөністер, табиғи газ, полиэтилен, мырыш, минералды тыңайтқыштар келеді.