Уран шикізатының экспорты

Уран шикізатының экспорты

Қытай, АҚШ, Франция, Үндістан, Канада елдеріне уран экспорттап отырған Қазақстан енді бұл шикізатты Украинаға да жеткізетін болды. Еліміздің Ұлттық атом компаниясы осындай құқық беретін тендерде жеңіске жетті.

ГЕННАДИЙ КОБАЛЬ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПТАМАЛЫҚ КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:

-  Біздің ақпарат бойынша тендер нәтижесінде Қазақстанның Ұлттық атом компаниясы Украинаға 1000 тоннаға жуық уран шикізатын тасымалдайды. Бұл туралы Украинада ұйымдастырылған ашық тендер барысында айтылды. Украинаны қазақ компаниясының баға саясаты мен Қазақстандағы саяси тұрақтылық мәселесі қызықтырады.

Украина – уран концентратын тұтыну жағынан Еуропадағы ең үлкен 5 мемлекеттің бірі. Жалпы, бұл елде 15 энергоблогы бар 4 атом электр станциясы жұмыс істейді. Сондықтан мемлекетке жылына 2000 тоннадан артық ядролық отын қажет. Бұдан былай қазақстандық уран Украинаның 50% қажеттілігін өтейтін болады.

ГЕННАДИЙ КОБАЛЬ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПТАМАЛЫҚ КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:

-  Бұл бағытты дамыту екі ел үшін де тиімді. Өйткені Украинада логистика мен Еуропаға тасымал жұмысы жақсы дамыған, жолға қойылған. Демек, Қазақстан компаниялары да осы жұмысқа жұмылдырылады және Украинаның үлкен нарығын қанағаттандыратын болады. 

Халықаралық сараптамалық компанияның мәліметі бойынша, Қазақстан ұсынған уран концентратының әр килограмы 75 доллардан сатылмақ. Жаңа өткізу бағыты біз үшін Еуропаның үлкен нарығына шығу мүмкіндігі екені анық.