Еліміздің транзиттік табысы артуда

Еліміздің транзиттік табысы артуда

Қазақстан арқылы өтетін Иу-Мадрид бағытындағы пойыз саны 80%-ға артты. «Иу халықаралық контейнерлік тасымал» компаниясының вице-президенті Фан Сйюдунның айтуынша, бұл – Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалдайтын ең ұзақ бағыт. Сондай-ақ ол Қазақ жері арқылы да өтеді. Бұл еліміздің транзиттік табысын арттырып, жүк өткізу әлеуетінің артқанын көрсетеді. Жалпы қашықтығы 13 мың шақырымды құрайтын Иу Мадрид бағыты 2014 жылы іске қосылды. Пойыз аптасына 2 рет қатынайды. Шығыс Қытайдан Испания астанасына дейін болат жолмен жүк жеткізуге 17-18 тәулік жеткілікті.

ФАН СЙЮДУН, «ИУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНТЕЙНЕРЛІК ТАСЫМАЛ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Ең ұзын бағыттың Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Қорғас және Алашанькоу қақпасы арқылы поездар қатынайды. Биыл 9 айдың ішінде Иу-Мадрид теміржолымен 210 поезд жүріп өтті. Бұл 19 мыңға жуық контейнер деген сөз. Сонда жүк тасымалы өткен жылмен салыстырғанда 80%-ға артқан.