ЕҚДБ: Қазақстан экономикасының өсімі жалғасады

ЕҚДБ: Қазақстан экономикасының өсімі жалғасады

Қазақстан экономикасының өсімі жалғасады. Еуропалық қайта құру және даму банкінің 2019 жылға жасаған экономикалық болжамында осылай делінген. Қаржы ұйымының сарапшылары, алдағы 12 айда жалпы Орталық Азия өңірінде өсім орын алады деген пікірде.

АРТУР РАДЗИВИЛЛ, ЕҚДБ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 - Әрине,  мұнай бағасы мен өндіріс көлемінің өсуі, осы салаға инвестиция мөлшерінің артуына байланысты. Қазақстандағы экономикалық өсім 4%-дан асады деп болжап отырмыз және осы үдеріс 2019 жылы да жалғасады.

Сарапшылар Қазақстан алдында тұрған басты міндеттерінің бірі – экономиканы әртараптандыру деп отыр. Сондай-ақ жеке меншік секторының үлесін арттыру қажет.

СЕРГЕЙ ГУРИЕВ, ЕҚДБ БАС ЭКОНОМИСІ:

- Ең алдымен, Қазақстанда нарық экономикасын жетілдіру және жекешелендіруді өткізу керек. Әрине «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытып, мемлекеттік компаниялардың акцияларын биржаға шығару қажет. Қазақстандағы ірі компанияларының бәсекеге қабілетінің артуы өзге де компаниялардың дамуына және еңбек өнімділігінің артуына түрткі болады.

Жалпы алғанда экономистер Орталық Азия аймағында Қазақстаннан өзге, Өзбекстан экономикасының серпінді ілгерілеуін байқап отыр. Бұл ел соңғы жылдары белсенді түрде реформалар жүргізіп келеді. Әлбетте бұл аймақтағы бүкіл мемлекеттерге ықпал етпей қоймайтыны анық, дейді мамандар.