Алдағы 3 жылда шағын және орта бизнесті дамытуға 30 млрд теңге қаржы бөлінбек

Алдағы 3 жылда шағын және орта бизнесті дамытуға 30 млрд теңге қаржы бөлінбек

Алдағы 3 жылда шағын және орта бизнесті дамытуға 30 млрд теңге қаржы бөлінбек. Бұл 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетте қарастырылып отыр. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан қаражат бөлу көзделген. Президент өзінің халыққа жолдауында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін созуды тапсырғаны белгілі. Осы уақыт аралығында 22 мың жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке 224 млрд теңге салық түспек.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

 - Жеке санаттағы азаматтардың жалақысын көтеру, ауылшаруашылығын, шағын және орта бизнесті қолдау қосымша қаржыны талап етеді. Бұл мақсатта республикалық бюджет пен Ұлттық қордың ақшасын араластырып пайдалану ұлттық қордың концепциясына қайшы емес. Бұл түптеп келгенде тұтас елдің экономикалық дамуына қажет.

Жалпы 3 жылға арналған бюджетте әлеуметтік міндеттемелерді, реформалар мен Президенттің биылғы жолдауын орындау мәселелері қарастырылған. Ұлттық қордан алынатын қаражатты санамағанда 3 жылға жоспарланған сома – 22,2 трлн теңге.