Қызылорда облысында цемент зауыты ашылады

Қызылорда облысында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынып жатқан цемент зауыты желтоқсанның басында іске қосылады. Жылына 1 млн тонна өнім шығаруға қауқарлы өндіріс ошағының болашағы зор. Себебі мұнай-газ, атом және ғарыш саласына тампонажды цемент аса қажет. Кәсіпорын құм, доломит, әк және қиыршық тас секілді шикізат түрлерін осы Шиелінің төңірегінен алады. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін импортталатын құрылыс материалдарының көлемі едәуір азаяды. Сондай-ақ ішкі нарық цементке деген тәуелділіктен арылады. Қазақ-қытай біріккен кәсіпорны дайын өнімдерін ел аумағынан бөлек, Өзбекстан, Қырғыз еліне  және Түркіменстанға саудаламақ. Қазіргі кезде зауыт басшылығы кәсіби кадрларды даярлау ісіне ден қоюда.  

БОЛАТБЕК СМАҒҰЛОВ, ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бүгінгі күні 48 жас маман ҚХР барып, 3 ай сынақ-оқудан өтіп келді. Сонымен қоса аудан орталығындағы индустриялды аграрлық колледжде 80 бала оқиды.