Қазақстан мен Ресей арасындағы тауарайналым көлемі артады

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауарайналым көлемі арта түспек. Таяуда тараптар өзара сауда-саттық көрсеткішін 20 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл мақсатқа жету үшін өзара экономикалық іс-қимылдың жақсы динамикасы мүмкіндік береді. 2017 жылы сауда көлемі шамамен 3 есеге артып, 17,5 миллиард долларға жетті. Биылғы жылы бұл көрсеткішті еселей түсуге үлкен мүмкіндік туып отыр. Бүгінгі таңда әр түрлі салаларда 50-ден астам инвестициялық жоба және 6 мың бірлескен кәсіпорынның жұмысы іске асырудың белсенді кезеңінде. Осылайша, Қазақстанда «Камаз» ресейлік автокөлік корпорациясының 27 өкілдігі жұмыс істейді. «Зенит» Орал кеме жасау зауыты мен Зеленодольск серіктестері арасында бірлескен өндіріс жоспарлануда. Ал Алматы әуе кемелерін жөндеу зауыты Қазан әуе көлігі компаниясымен бірлесіп жаңа «Ансат» тікұшағының құрылысын жүргізеді. Жақын арада түрлі салаларда жаңа жобалар қарастырылуда. Татар Республикасымен ынтымақтастық да қарқынды дамып келеді.

РУСТАМ МИННИХАНОВ, ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

-  Қазақстанның шикізаттық қоры мол. Әсіресе, мұнай-химия саласында ықпалдастықты күшейту керек. Табиғи газ өндіруге қажет құрал-жабдықтар, көлік бөлшектерін жеткізе аламыз. Су, әуе көліктерін бірігіп шығару мүмкіндігі бар. Біз қазақстандық компаниялармен экономикалық және инвестициялық байланысымызды нығайтуға әрқашан мүдделіміз.