Қытайлық ірі компаниялар Қазақстандағы жобаларға қаржы құюға мүдделі

Қытайлық ірі компаниялар Қазақстандағы жобаларға қаржы құюға мүдделі. Бұл туралы іскерлер «Бір белдеу, бір жол» тақырыбындағы инвестициялық семинарда мәлім етті. Қазақстанға инвестиция тартуға арналған шараға 60-тан астам қытайлық және 20-дан астам отандық кәсіпорын қатысты. Семинар барысында  іскер топ өкілдеріне елімізде шетелдік инвесторларға жасалып жатқан жағдайлар баяндалып, Қытаймен арадағы стратегиялық даму жоспары таныстырылды. Сонымен қатар жыл сайынғы президенттің халыққа жолдауында айқындалған 6 бағыт туралы да айтылды. Жалпы семинарда қазақстандық компаниялар қытайлық кәсіпкерлерге металлургия, тау-кен, энергетика, мұнай-химия, көлік-логистика салаларындағы ұзын-ырғасы 17 жобаны таныстырды.

АЛМАС АҒЫБАЕВ, ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қытай инвесторларына ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені біздің қасымызда орналасқан үлкен көршіміз болғандықтан, транспорт, логистика саласында да жақсы болғандықтан басым, негізгі бағыттардың бірі болып саналады.