Инвесторларға қызмет көрсету

Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал шетелден тұрақты капитал ағынын қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда еліміз Орталық Азияда тікелей инвестицияларды тарту бойынша көш бастап тұр. Аймаққа сырттан ағылған капиталдың шамамен 70%-ы Қазақстанның үлесінде. Сарапшылардың айтуынша, түрлі инновациялар мен жеңілдіктер өңірдегі шетелдік кәсіпкерлердің санын арттыруға септігін тигізуде. Инвесторларға түсетін әкімшілік жүктемені азайту және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жеңілдету мақсатында 2019 жылы еліміздегі қызмет түрлері «бір терезе» қағидаты бойынша, яғни онлайн режимде көрсетілетін болады.     

ЕРЛАН ҚАЙЫРОВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ИНВЕСТИЦИЯЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Бір жерде 300-ден астам қызмет түрі ұсынылады. Атап айтсақ, виза рәсімдеу, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу, заңды тұлға ретінде немесе салық төлеуші ретінде тіркелу, жер алу рәсімдері тағы басқа. Пайдалы қазбаларды өңдеумен айналысатын инвесторлар сонда жер қойнауын пайдалану құқығын тіркей алады.