Қытай даму банкі Қазақстанда

Астана мен Бейжің өзара тиімді қарым-қатынас мүмкіндіктерін дамытуда. «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында, елордада Қытай мемлекеттік даму банкінің өкілдігі ашылды. Ол әлемдегі қуаттылығы жоғары қаржылық даму институттарының бірі болып саналады. Оның Каир, Мәскеу, Рио-Де-Жанейро, Каракас, Лондон және Вьетнамда өкілетті филиалдары бар. Өз кезегінде «Астана» халықаралық орталығы Орталық Азиядағы  «Бір белдеу – бір жол» бастамасының және Еуразиялық экономикалық одағының аймақтық қаржы хабы болуға ұмтылыс білдіруде. Банктің «Нұрлы жол» бағдарламасының экономикалық саясатын дамытуды, инновациялық технологияны, инфрақұрылым құрылысын және энергетика мен өндіріс саласына қолдау білдіру туралы жоспары бар.    

ЛЮ ЦЗИНЬ, ҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ДАМУ БАНКІНІҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

– Осы жылдың маусым айының аяғына дейінгі кезең ішінде Қытай мемлекеттік даму банкі Қазақстанда 32 жобаға қаржылық қолдау білдірді. Несие міндеттемелерінің сомасы – 33.5 млрд доллар. 28 млрд долларға келісім шартқа қол қойылды, әсіресе Қазақстан мен Қытай қатынасы үшін маңызды жобаларға басымдық берілді.