Сыртқы сауда айналымы 24,3%-ға артты

Сыртқы сауда айналымы 24,3%-ға артты

2018 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 24,3%-ға өсті. Экспорт және импорт көлемі де артып отыр. Экспорт жөніндегі ұлттық компанияның мәліметі бойынша, 2017 жылы сыртқы нарықтарға жеткізілген тауарлардың сомасы 40 млрд 87 млн теңгені құрады. Ал биылғы жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 30 млрд 788 млн теңгеге жетті. Экспорт құрамындағы үлесі басым тауарларға әлі де мұнай және мұнай өнімдері жатады. Одан кейін тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары. Үшінші орында – ферроқорытпа.  Бұдан бөлек, отандық газға деген сұраныс та жоғары. Газдың басым бөлігі, яғни 35,5 пайызы көршілес Ресейге жіберіледі. Келесі кезекте Украина, Қытай және Швейцария елдері. Сондай-ақ ірі қара мал етінің экспорты да еселенген. Жыл басынан бері Қазақстан өзге елдерге 10 мың тоннадан астам ет өнімдерін жөнелткен. Осы саладағы мамандар ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есе арттыруды көздейді.