Қостанай облысында инвестициялық форум өтті

Қазақстан өңірлері инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуде. Бұған Қостанай облысында өткен форумның қорытындысы дәлел бола алады. Жиында іскерлер қаржы бағыттауға ниетті нақты жобалар айқындалып, 19 меморандумға қол қойылды. Атап айтатын болсақ, келер жылы Тобыл өңірінде бұрын соңды болмаған инвестициялық мегажоба жүзеге асырылады. Дәнді және майлы дақылдарды терең өңдейтін кешенді кәсіпорын құрылысы басталады. Өндіріс орнын тұрғызуға қытайлық компания құлық танытып, тиісті жол картасы қабылданды.

МЕЙІРЖАН МЫРЗАЛИЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қостанай қаласындағы индустриалдық аймақта бидай дақылдарын терең өңдеу бойынша зауыт құрылғалы жатыр. Жалпы айтқанда, 600 мың тонна бидай өңделеді, 1 миллион тонна комбикорм шығарылады, жалпы 200 мың тонна май дақылдарын өңдеу қарастырылған. Бұл ең басты маңыздысы, бүкіл шығарылған тауардың бәрі Қытайға экспортқа кетеді.

Жақында ашылған трактор құрастыру зауыты да өндірісті кеңейте түспек. Алдағы 5 жылда мұнда жаңа цехтар құрылып, тракторларға қажет агрегаттар жиналатын болады. Аталған кәсіпорындар жергілікті индустриялық аймақта орналасады. Оның сыртында жеңіл автокөлік құрастыратын, тас, ағаш өңдейтін, әрлеуге арналған плиткалар шығаратын кәсіпорындарды іске қосу межеленіп отыр. Инвестициялық форумда қол қойылған келісімдер жалпы сомасы 251 млрд теңгенің жобаларын іске асыруды қарастырады.