Қазақстан-Ресей: Биржалық одақ

Қазақстандық КАSЕ қаржы биржасы мен мәскеулік МАЭКС биржасы серіктестік құру туралы келісімге қол қойды. Сарапшылардың пікірінше, бұл құжат халықаралық қаржы байланыстарын нығайтуға, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тұрақтылық танытуға, сонымен қатар екі ел арасында бағалы қағаз саудасын кедергісіз жүргізуге және жаңа инвесторларды тартуға жол ашады. Оның үстіне, ресейлік әріптестер қазақстандық биржа капиталына 20% көлемінде еніп отыр. Инвестиция көлемі мен құрадары әзірге қаржы рыноктарының сарапшыларымен талқылануда. КАSЕ мен МАЭКС биржаларының өкілдері үміт еткен жаңа мүмкіндіктер – қазақстандық компаниялардың Ресей нарығына шығуы, технология трансферті, сонымен қатар эмитент, акционер, трейдер арасындағы тәжірибе алмасу болмақ.  

ДАНИЯР АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:

–Қазақстандық қор биржасы үшін Мәскеу биржасын сенімді және стратегиялық серіктес деп танимыз. Алда екі елдің экономикасына серпін берер үлкен жобалар күтіп тұр. Бірінші кезекте басты назарда –құнды қағаздар нарығы, корпоративті эмитенттер. Мұнда біздің мүмкіндігімізді байқатататын үлкен әлеует бар деп ойлаймын. 

АЛЕКСАНДР АФАНАСЬЕВ, «МӘСКЕУ БИРЖАСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

– Біз өзімізге бағалыны алып келдік. Бұл біздің тәжірибеміз бен біздің ноу-хау. Биржамызда шетелдік қатысушылардың саны артып келеді. Ол қатысушылардың жартысына жуығын қамтиды, екі нарықта – акция мен деривативте солай негізі. Оның үстіне ішкі сұраныс та қарқынды, себебі біз өз азаматтарымыздың қаржы нарығында белсенді болуы үшін бар жағдайды жасадық. Тұрғындардың активі мен жинақтаушы салымдарының арасында құнды қағаздар үлесі екі еселенді.