Зарарсыздандырылған түйе сүті саудаға шықты

Қазақстан әлемдік сауда нарығындағы өз орнын нығайта түсуге ниетті. Еліміз қайнатып зарарсыздандырылған түйе сүтінен алынған өнімдерді экспортқа шығарады. Маңғыстау облысында орналасқан кәсіпорын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының арқасында өз қуаттылығын 2 есеге дейін арттырды.

300 миллион теңгеге заманауи жабдықтар сатып алынған. Мемлекет басшысы өз жолдауында сауда саясаты отандық өнімдердің аймақтық және шетелдік нарыққа шығарылуына басымдық берген болатын. Президент жолдауына маңыздылығына мән артылған мәселелермен үндестікте жұмыс жасаған зауыт ұлттық өнімдердің танымалдылығы мен өтімділігін арттыруды көздейді.

АСХАТЖАН ИБРАЕВ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ:

- Маңғыстау облысынан бөлек Атырау қаласына да шықтық. Елбасы жолдауында Жол картасының мерзімін ұзартты, біз бұл мүмкіндікті пайдаланып,  өз ассортиментімізді кеңейтіп, Ресейге экспортқа шығу үшін жабдықтар сатып алғымыз келеді.   

Айта кеткен жөн, зауыт үлкен жобаның негізгі қазығы. Мұнда ірі және шағын шаруашылықтардан сиыр, ешкі, түйе сүтін қабылдайды. Кәсіпорын тәулігіне 12 тонна сүт және ашытқан сүт өнімдерін шығарады. Оның 3 тоннасы – қайнатып зарарсыздандырылған түйе сүті. Оның жарамдылық мерзімі 1 айға дейін. Зауытта барлығы сүт өнімдерінің 40 түрі шығарылады. Мұнда құрт, ашытылған тан, ірімшік те бар. Жақын уақытта отандық тамақ өнеркәсібіндегі жаңалық Астананың базарларында сауда сөрелеріне шығарылады. Сонымен бірге өнім өндіруші тұрақты түрде 5 тонна шұбат пен 2 тонна шалап та шығарамыз дейді.