Каспий конвенциясы Қазақстанға жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады

Каспий конвенциясы Қазақстанға жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады

Каспий конвенциясы Қазақстанға жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады. Беларусь сарапшысы Виталий Юрченконың айтуынша, қазақ елі кемелденудің шақ алдында тұр. Теңіз конституциясы тек Каспий түбіндегі пайдалы қазбаларды алумен байланысты өнеркәсіп қана емес, өңірде жеңіл өнеркәсіптің дамуына серпін береді.

ВИТАЛИЙ ЮРЧЕНКО, БИЗНЕС-САРАПШЫ:

- Менің ойымша, Конвенция Қазақстанға өте тиімді болмақ. Себебі сіздің елге жағалаудың басым бөлігі тиесілі.  2,5 мың шақырымнан астам жер. Сондай-ақ, Каспийден мұнай мен газ өндіру 6,5 триллион долларға бағаланып отырғанын ескерсек, бұл үлкен экономикалық әлеует деген сөз.

Конвенция Қазақстанның, сонымен қатар, тұтастай аймақтың экономикалық дамуына қолайлы жағдай жасайтынын әзербайжандық сарапшылар да айтуда. Олардың пікірінше, бұл еркін экономикалық аймақтарды құруға ынталандырумен қатар, қосымша инвестиция тартуға жағдай жасайды. Сарапшылар Каспий маңындағы бес мемлекет таңдаған ынтымақтастық моделі өзінің бірегейлігімен ерекшеленді дейді. Себебі жағалаудағы мемлекеттер барлық салаларында өзара іс-қимыл жүргізетін болады.  

ВУГАР БАЙРАМОВ, ЭКОНОМИСТ:

- Каспий теңізінің мәртебесін айқындау тек Конвенцияға қол қоюмен ғана шектелмейді. Сонымен қатар ол жағалау маңы елдеріне қандай экономикалық дивидент әкелетіні анық. Алдағы уақытта Каспийде және жағалаудағы елдердің аумағында жүк тасымалы ұлғаяды деп болжауға болады. Бұл тұрғыда Қазақстан және Әзербайжанның көретін пайдасы көп болмақ. Өйткені екі елдің заманауи көлік инфрақұрылымы бар, жүк ағыны да мол.

АЙДЫН ГУСЕЙНОВ, ПАРЛАМЕНТДЕПУТАТЫ:

- Келісім мемлекеттердің өзара мүдделерді құрметтей отырып, тиісті уағдаластыққа келуге болатынын бар әлемге көрсетті. Конвенция тоқтап қалған ресурстарға жан бітіріп, құбырлар және коммуникациялық магистраль салуға мүмкіндік береді.  Және ең бастысы Каспийдегі қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.