Отандық экспорт әлеуеті

Отандық экспорт әлеуеті

Қазақстан экспорттық бағыт пен шетелдік нарыққа шығарылатын тауарлардың санын көбейтуде. Техникалық реттеу комитетінің ұлттық аккредиттеу орталығындағылар жыл сайын қазақстандық өнім түрлері 30 % артады деп отыр. Бұл тұста тауарларды сертификаттау мен олардың халықаралық стандарттарға сай болуы маңызды. Еліміздің ILAC және IAF сынды әлемдік аккредиттеу ұйымдарына мүше атануының басты мақсаты да осы. Осының арқасында саудадағы техникалық кедергілер азайтылып, отандық экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігі артады. Қазіргі таңда қазақстандық өнім Қытай, Жапония, Иран, Испания, Польша және ТМД елдеріне жөнелтіледі.

СЕРІК ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ ОРТАЛЫҒЫ          БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біз халықаралық ұйымдарға кіру кезінде Еуропаның тәжірибесіне сүйендік. Қазақстанда қазіргі таңда сұранысқа ие өнімдер шығарылады. Мәселен, «General Electric» локомотивтері, Тальго испаниялық вагондары, «Siemens» фирмасының ұзын өлшемді рельстері бар. Сондай-ақ бүгінде шетелдік тұтынушылар бие сүті мен қазақстандық күн батареяларына қызығушылық танытып отыр. Бұл барша еліміз үшін үлкен жетістік.