Twitter сатылымға шығарылуы мүмкін

Twitter сатылымға шығарылуы мүмкін

Twitter компаниясы сатылымға шығуға дайындалып жатқан болуы мүмкін, деп хабарлайды Евроньюс CNBC телеарнасының ақпаратына сілтеме жасап. Сатып алуға үміткерлер арасында Google, CRM-жүйені жасаған Saleforce компаниялар аталды. Сарапшылардың айтуынша, Джек Дорсидің өнімі қаншаға сатылатыны әзірге белгісіз. Twitter-дің табысы 2013 жылы бұқаралық компанияға айналған кезден бері өте әлсіз. Активтің нарықтағы құны – 14 млрд доллар.